
Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылында бір топ жасөспірім мектеп оқушысын зорлаған. Оны видеоға түсіріп, интернетте таратқан деген күдік бар. Қазір бұған қатысты тергеу жүріп жатыр, деп хабарлады Алматы облысының полиция департаменті.
Құзырлы органдар мәліметіне сүйенсек, оқиға жеке үйдің бірінде болған. Оқушыларының әрекетін білген директор бірден полицияға хабарласқан.
Қазір бұл іске қатысты Қылмыстық Кодекстің 124-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Зорлыққа қатысы бар деген мектеп оқушыларымен жеке профилактикалық жұмыс жүргізіліп жатыр. Облыстан келген мамандар зардап шеккен жасөспірімге психологиялық көмек көрсетті.
Ал Ақтөбеде 14 жастағы оқушы қыз алпыстан асқан өгей атасынан жүкті болып, бала туды деген ақпарат тарады. Орта мектепте оқитын тоғызыншы сынып оқушысы 13 қазанда сабақ кезінде толғатқан, қазір күдікті қамауға алынды.