Эрдоған Италия премьері Мелониге темекіні тастауға кеңес берді

Түркия президенті Реджеп Тайып Эрдоған Италия премьер-министрі Джорджа Мелониге темекіні тастауға кеңес берді. Бұл жағдай Газа секторындағы мәселелерді талқылау үшін Египетте өткен жиында болған.
Саммит басталмай тұрып Түркия президенті Мелонимен жеке кездесті.
«Ол өте тамаша, бірақ темекіні тастау керек», – деді Эрдоған Италия премьер-министріне.
Мелони жымиып қана әріптесімен келісті.
«Иә, білемін, білемін», – деді ол.
Түркия президентінің ескерту жасауы бекер емес. Ол темекіге өте қарсы. 2009 жылы елде қоғамдық орындарында темекі шегуге тыйым салды. Ал 2020 жылдан бастап көшеде, қоғамдық көліктердің аялдамасында, үлкен даңғылдарда, жұмыс орнында топтанып темекі шегуге болмайды.
30 шілдеде Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияның ең жоғарғы мемлекеттік сыйлығы – «Devlet Nişanı» орденімен марапаттаған еді.