Qazaq Air Астанадан Бішкек пен Самарқандқа тікелей рейс ашты

Qazaq Air (Vietjet Qazaqstan) әуе компаниясы Астана-Бішкек және Астана-Самарқанд бағытында екі рейс ашылғанын хабарлады.
7 қарашадан бастап Астана – Самарқанд – Астана бағыты бойынша аптасына екі рет, жұма және жексенбі күндері рейстер орындалады. Ал 10 қарашадан бастап Астана – Бішкек – Астана рейстері дүйсенбі және бейсенбі күндері ұшады.
Самарқандқа билет бағасы 41 мың теңгеден, Бішкекке 39 мың теңгеден басталады.
Компанияның хабы Астана әуежайында орналасқан. Жолаушылар үшін Бішкек, Самарқандтан бөлек Омбы және Новосібір қалаларына, сондай-ақ Қазақстанның ішкі бағыттарына ыңғайлы трансферлік рейстер қолжетімді.
Qazaq Air-ды осы жылы Вьетнамдық VietJet Aviation сатып алған еді. Мамырда Vietjet Air мен Qazaq Air стратегиялық келісімге қол қойып, VietJet Kazakhstan атты жаңа компания құрды.
Ал шілдеде жаңа әуе компаниясы қол жүгінің өлшемін ұлғайтты. Яғни жолаушылар өзімен бірге ұшақ салонына көбірек жүк алып кіре алатын болды.