Жаңалықтар

Вячеслав Ким Alatau City Bank акцияларын 40,9 млрд теңгеге сатып алған

Ең бай бизнесмені Вячеслав Ким Alatau City Bank акцияларын сатып алды/ коллаж kursiv.media

Қазақстанның ең бай бизнесмені Вячеслав Ким кәсіпкер Ғалымжан Есеновтен Alatau City Bank (бұрынғы Jusan Bank) акцияларының 20,1%-ын 40,9 млрд теңгеге ($76 млн) сатып алған.

«Ручная экономика» тelegram-арнасының жазуынша, Ким 33 млн қарапайым акция үшін 40,86 млрд теңге, яғни шамамен 79 млн доллар төлеген. Осылайша, бір акцияның бағасы 1238 теңге болып шыққан. Мәміле 9 шілдеде Кимнің өзі иелік ететін First Heartland Securities компаниясы арқылы жүзеге асқан.

Ғалымжан Есеновке First Heartland Securities арқылы банктің 79,89% акциясы, ал 20%ы- тікелей өзіне тиесілі болған. 2025 жылдың жазында Ким Есеновтен осы First Heartland Securities компаниясын түгелімен сатып алған.

Ол кезде мәміле құны жарияланбады, алайда енді белгілі болған 20% үлестің бағасы банктің жалпы нарықтық құнын шамалауға мүмкіндік береді.

Ал 11 шілдеде Alatau City Bank (бұрынғы Jusan Bank) толықтай Вячеслав Кимнің меншігіне өткенін ресми түрде хабарланды.

2025 жылдың маусым айының соңындағы есеп бойынша, Alatau City Bank активтері 3,4 трлн теңгені, ал меншікті капиталы 941,4 млрд теңгені құрады. Бұл көрсеткіш банкті активтері бойынша ірі алты қаржы институтының қатарына енгізеді.

Forbes бағалауынша, Вячеслав Кимнің жеке байлығы 7,1 млрд долларды құрайды.