Мәжіліске жаңа депутат келді

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Жаңа депутат Әбутәліп Мүтәлі ант берді  / Фото: AMANAT партиясы

Жуырда Оқу-ағарту министрі қызметіне ауысқан Жұлдыз Сүлейменованың орнына Мәжіліске жаңа депутат келді.

Депутаттар қатарын толықтырған Әбутәліп Мүтәлі «AMANAT» партиясы фракциясының өкілі. Ол бүгін Мәжілістің жалпы отырысында ант берді.

36 жастағы Әбутәліп Мүтәлі  «Болашақ» бағдарламасынының түлегі, Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі. Сондай-ақ осыған дейін цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект бағытында еңбек етіп келген.

Еске салайық, 29 қыркүйекте Мемлекет басшысының Жарлығымен Жұлдыз Досбергенқызы Сүлейменова Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі қызметіне тағайындалған. Осыдан соң Сүлейменованың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

Сондай-ақ оқыңыз