Зорлап, видеоға түсірген: Алматы облысында 7 жасөспірімге қатысты тергеу жүріп жатыр

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Алматы облысы 7 жасөспірімге қатысты тергеу жүріп жатыр/фото: shutterstock

Алматы облысы Жамбыл ауданындағы жағдайдан кейін 7 жасөспірімге қатысты тергеу жүріп жатыр. Бұл туралы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева жазды.

Бұған дейін Қарғалы ауылында бір топ жасөспірім мектеп оқушысын зорлап, видеоға түсірді деген ақпарат тарады. Алматы облысы полициясы тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді.

«7 жасөспірім анықталды. Тергеу жүріп жатыр. Бала құқықтары жөніндегі жергілікті уәкіл мен психологиялық қолдау орталығы мамандары оқиға орнында жұмыс істеп жатыр», – деп жазды Зәкиева.

Полицияның хабарлауынша, оқиға жеке үйдің бірінде болған. Оқушыларының әрекетін білген директор бірден полицияға хабарласқан.

Сондай-ақ оқыңыз