
Астана әкімдігі Республика күніне орай атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алушыларға қосымша бір реттік төлем жасайды. Төлем мөлшері 4,5 АЕК (17,7 мың теңге) болады.
Әкімдіктің хабарлауынша, бір реттік көмек мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету ережелеріне сәйкес беріледі. Төлем 25 қазанда жасалады.
Көмек алушылардың тізімін Астананың жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы жинақтайды. Қаражат 25 қазанға дейін түскен АӘК алушылардың өтініші негізінде беріледі.
Айта кетейік, 2025 жылы Астанада атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 900 отбасыға азайып, 7,7 мың адам болды.
Қазақстандықтар Республика күніне орай қазанда қосымша бір күн демалады. Биыл 25 қазан сенбіге түсіп тұр, сол себепті демалыс дүйсенбі – 27 қазанға ауыстырылады.