Қарағанды облысында танысының өгей қызын зорлаған ер адам сотталды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Анасы мен өгей әкесі жасөспірімді 38 жастағы ер адамға шығуды ұсынған/фото: shutterstock

Қарағандыда 15 жастағы жасөспірімді зорлаған 39 жастағы ер адамға сот үкімі шықты.

Сот таратқан ақпаратқа сәйкес, 2025 жылдың ақпанында қыздың анасы мен өгей әкесі жасөспірімге 38 жастағы адамға күйеуге шығуды ұсынған. Ер адамның қанша жаста екенін білгеннен кейін қыз ұсыныстан бас тартқан.

Қарсы болғанына қарамастан қыздың өгей әкесі наурызда жасөспірімді танысымен бірге Қарағандыға жіберген. Олар жалдамалы пәтерге тоқтаған. Сол жерде ер адам кәмелетке толмаған қызды зорлаған.

Прокурор ер адамды 17 жыл бас бостандығынан айыруды сұраған. Жәбірленуші тарап та қатаң жаза қолдануды талап етті. Қорғау тарабы істі жеңіл бапқа ауыстыруды сұраған.

«Сотталушының кінәсі жәбірленуші, оның заңды өкілі, куәлердің айғағы, сараптама қорытындысы, тергеу әрекеті нәтижелері және қылмыстық істің өзге де материалдары арқылы дәлелденді», – делінген Қарағанды облысы соттары таратқан ақпаратта.

Ер адам қылмыстық кодекстің 120-бабы 3-1-бөлігі 1-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 17 жылға сотталды.

Сот сондай-ақ қыздың анасы мен өгей әкесінің әрекетінде қылмыс құрамы бар-жоғын тексеру үшін жеке қаулы шығарды.

Сот актілері заңды күшіне енген жоқ.

Сондай-ақ оқыңыз