19 жастағы футболшы Диас Төлеу ойын алаңында қайтыс болды

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
19 жастағы футболшы Диас Төлеу ойын алаңында қайтыс болды / Фото: KFF

Бірінші футбол лигасында ойнайтын «Хан Тәңірі» клубының ойыншысы Диас Төлеу матч кезінде есінен танып, ойын алаңында қайтыс болды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Ақпаратты Қазақстан футбол федерациясы растады. Федерация құзырлы органдармен бірлесіп, арнайы комиссия құрып, тексеру жүргізбік. Оқиғаның мән-жайын білу үшін Федерация бас хатшысы Давид Лория мен клубтар арасындағы жарыстар дирекциясының басшысы Бақытжан Пазылхайыр Алматы қаласына шұғыл аттанған.

«Қазақстан футбол федерациясы марқұмның отбасы мен жақындарына, сондай-ақ командасына қайғыра көңіл айтады. Бұл – қазақстандық футбол қауымдастығы үшін ауыр әрі орны толмас қайғы», – делінген хабарламада.

Әзірге федерация марқұмның отбасына құрметпен қарап, расталмаған ақпарат таратпауға шақырды. Қосымша ақпарат тексеру аяқталған соң жария етпек.

Осыған дейін «Ақтөбе» футбол клубының 15 жастағы ойыншысы Арон Мұсаның қайтыс болғаны туралы ақпарат тараған.

Сондай-ақ оқыңыз