Бензин мен дизель бағасының өсуіне мораторий жарияланды

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
Бензин мен дизель бағасының өсуіне мораторий жарияланды / Фото: Shutterstock

16 қазаннан бастап Қазақстанда АИ-92 маркалы бензин мен дизель отынының бағасын көтеруге уақытша тыйым салынады. Шектеулер инфляция деңгейі тұрақталғанға дейін қолданылады, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Үкіметтің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, шешім президет Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша қабылданған. Шара макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге және экономикалық реформалардың теріс салдарын жеңілдетуі тиіс.

Премьер-министр Олжас Бектенов Энергетика министрлігіне, Монополияға қарсы ведомствоға және өңірлердің әкімдіктеріне мораторийдің сақталуын және нарықтың жанар-жағармаймен қамтамасыз етілуін бақылауды тапсырды.

Айта кетейік, осыған дейін қыркүйекте елдегі инфляция деңгейі 12,9%-ға жеделдегені туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз