«Екі сөзінің бір боқауыз» – Offside сериалының өшірілуіне депутаттың қатысы бар ма

Жарияланды 16 Қазан 2025 23:48

Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

​​General news бөлімінің тілшісі a.tolendi@kursiv.media
«Екі сөзінің бір боқауыз» – Offside сериалының шықпай қалуына депутаттың қатысы бар ма / Фото: Instagram

Offside сериалының продюсері әрі басты рөлдегі актер Рүстем Омаров сериалдың шықпай қалуына байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Омаровтың айтуынша, оқиға депутат Құдайберген Бексұлтановтың «Сәке», «Прокурор» сериалдарына қатысты пікір білдіргеннен басталған. Бексұлтанов осы сериалдарда боқауыз сөздердің көп екендігі туралы айтқан.

Актердің сөзінше, оның Instagram парақшасы мен сериалдың Youtube-каналы блокқа түскен.

«300 мыңға жуық адам YouTube-арнамызға жазылған еді. Оның да неліктен бұғатталып қалғанын білмеймін. Қазір жөндеуге тырысып жатырмыз. Бірақ бұл қорқынышты емес. Шешуге болатын мәселе. Басқа Youtube-арна ашып аламыз. Егер оған да бірнәрсе болса, DVD немесе видео-касетада шығара береміз. Сондықтан қорықпаңдар сериалды міндетті түрде шығарамыз», – деді продюсер.

Бұдан бөлек, ол қазақстандықтарды тредсте уақыт жоғалтпауға шақырды.

Айта кетейік, осыған дейін желіде жарық көрген Offside сериалы өшірілген еді.

Сондай-ақ оқыңыз