Freedom Bank жылдық табысы 20%-ға дейінгі депозит ұсынады

Жарияланды 16 Қазан 2025 18:30

Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

​​General news бөлімінің тілшісі a.tolendi@kursiv.media
Святослав Антонов

Святослав Антонов

Freedom Bank 20%-ға дейінгі депозит ұсынады / Фото: Freedom Bank

Қазақстанда 2000 жылдардың басынан бері алғаш рет теңгелік депозиттер бойынша жылдық тиімді мөлшерлеме 20%-ға жетеді. Freedom Bank 26 қазаннан бастап салымдар бойынша ставкалардың өскенін жариялады. «Капитал» депозиті бойынша жарты жыл мерзімге мөлшерлеме 18,5%-дан 20%-ға дейін өседі, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Қаражатты толықтыруға және алуға болмайтын «Капитал» депозиті бойынша алты ай мерзімге ең жоғары мөлшерлеме 20% құрайды. Үш ай мерзімге мөлшерлеме 17%–дан 18%-ға дейін, бір жылға – 15,7%-дан 16,9%-ға дейін өседі. Екі жылға мөлшерлеме 12,4%, ал үш жылға – 7,4% құрайды.

Икемді шарттарды ұсынатын «Копилка» депозиті (қаражатты алуға және толтыруға болатын) бойынша ең жоғары мөлшерлеме (13 ай мерзімі) 15,6%-дан 16,8%-ға дейін өседі. Жарты жылға мөлшерлеме 13,5%-дан 14,8%-ға дейін өседі. Бір жылдан астам мерзімге ставка 10,2% құрайды.

«Стратегия» депозиті (тек толтыруға болады) бойынша ставкалар 7,2–16,5%–дан 8,2-17,8%-ға дейін өседі. Ең тиімді шарттар жарты жылдық мөлшерлеме бойынша ұсынылады – 17,8%.

Сондай-ақ, банк картасына байлаулы карталық депозит бойынша жылдық мөлшерлеме 13,8%-дан 14,9%-ға дейін өседі.

Айта кетейік, бұған дейін Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18%-ға көтерген.

Сондай-ақ оқыңыз