Коммуналдық қызмет тарифі 2026 жылдың көктеміне дейін қымбаттамайды
Жарияланды

Үкімет коммуналдық қызмет тарифі 2026 жылдың көктеміне дейін қымбаттамайтынын жария етті. Бағаның өсуін тежеу коммуналдық қызметтерді жеткізушілердің шығындарын қысқарту есебінен қамтамасыз етілетін болады, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Бұл ретте ТКШ объектілеріне жоспарланған барлық жөндеулер мерзімінде өтуі тиіс. Аз қамтылған отбасылар үшін тұрғын үй көмегі бағдарламасы сақталады.
Сонымен қатар, тұрақтандыру қорлары әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұру үшін фермерлерді қолдау үшін көбірек қаражат алады.
Бұл шешім президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында Үкімет қабылдаған бірнеше шараның қатарына еніп отыр. Осыған дейін бензин мен дизель бағасын қымбаттатуға мораторий жарияланғанын жазған едік.