Қазақстандықтар көлікті сатып алмас бұрын жалға ала алады

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
Қазақстандықтар көлікті сатып алмас бұрын жалға ала алады / Фото: Shutterstock

Қазақстандықтар көлік сатып алмас бұрын лизингке жүгіне алады. Яғни көлікті алдымен жалға алып, кейін өз атына жаздыру мүмкіндігі ұсынылады, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Лизинг қызметін ұсыну туралы Үкімет бастама көтерді. Шешім халықтың автокөлік сатып алуын жеңілдетпек.

«Отандық автоөндірушілер мен екінші деңгейлі банктер халықтың жеңіл автокөлік сатып алуын қаржыландыру бағдарламаларын одан әрі жалғастырады. Жеке тұлғаларға жеңіл автокөлік сатып алу бойынша лизинг тетігі енгізіледі. Бұл азаматтардың автокөлік сатып алу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған», – делінген Үкімет хабарламасында.

Бұл шара президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша қабылданған. Шара макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге және экономикалық реформалардың теріс салдарын жеңілдетуі тиіс. Бұдан бөлек, Үкімет жеңілдетілген несие беру бағдарламасын кеңейтетінін жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз