Қостанайда жасөспірім 2,5 млн теңге ұрлап, Астанаға қашпақ болған

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
подросток
Қостанайда жасөспірім 2,5 млн теңге ұрлап, Астанаға кетпек болған / Фото: коллаж kursiv.media

Қостанайда 15 жасар бала ата-анасынан 2,5 млн теңге ұрлап, жақсы өмір сүру үшін Астанаға қашып кетуге тырысқан. Оны ұстап алған полиция қызметкерлеріне ата-анасымен тіл табыса алмай әрі мектепте қиындық туындағаннан кейін қашқысы келгенін айтты, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Polisia.kz ақпаратына сүйенсек, жасөспірім танысына кітап апарып беремін деп бірнеше күн бұрын үйден шығып кеткен. Қайтып оралмағаннан кейін ата-анасы іздеу салған.

Жасөспірімді полиция 15 қазанға қараған түні Ақмола облысында тапты. Полиция Екатеринбург-Алматы тас жолында автокөлікті тоқтатып, кәмелетке толмаған жолаушыны тапқан.

Жасөспірімнің Астанаға кетіп бара жатқаны, отбасы сақтап қойған ақшаны алып кеткені белгілі болған. Жас жігіттің айтуынша, ол үйдегі жанжал мен мектептегі қиындықтардан алыста «жаңа өмір» бастағысы келген.

«Ол шаршаған, бірақ сабырлы көрінді. Бұл шаршау мен түсінбеушіліктен туындаған эмоционалды шешім болды», — деді полицейлердің бірі.

Тәртіп сақшылары қостанайлық әріптестері арқылы баланың ата-анасымен байланысқа шығып, жасөспірім Астрахан ауданының полиция бөліміне жіберілді.

Сондай-ақ оқыңыз