
Үкімет ҚҚС бойынша есепке қою шегінен асқан салық төлеушілер әкімшілік жауапкершілікке тартпайтын болды. Сондай-ақ, салық әділет органдары шағын және орта бизнеске камералдық және салықтық тексеру жүргізбей-ақ, оңайлатылған тәртіппен есептен шығару науқанын өткізеді, деп хабарлайды Kursiv.Media.
«Жаңа Салық кодексінің шағын және орта бизнес қызметіне теріс әсерін азайту мақсатында оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режимін қолдануға салынатын басы артық шектеулерді алып тастау туралы шешім қабылданды. Тыйым салынған тізімде, қолданыстағы заңнамадағыдай, тек 44 қызмет түрі сақталады», – делінген Үкімет хабарламасында.
Үкімет 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап салықтық әкімшілендіру «таза парақтан» бастамақ. Шара өз кезегіден микро және шағын бизнеске қатысты келесі жайттарды көздейді:
- салықтық тексерулер алынып тасталады;
- камералдық бақылау алынып тасталады;
- сот органдарына мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы талап-арыз беру тоқтатылады;
- сот органдарына тіркеуді, қайта тіркеуді жарамсыз деп тану туралы талап-арыз беру тоқтатылады.
Салықтар мен төлемдер бойынша салынған өсімпұлдар мен айыппұлдар 2026 жылдың 1 сәуіріне дейін негізгі қарыз өтелген жағдайда жойылады.
Шешімнің басты мақсаты жаңа Салық кодексін біртіндеп енгізу болып отыр.
Айта кетейік, осыған дейін Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин жаңа Салық кодексі күшіне енген кезде 300 бизнес жабылатынын хабарлаған.