«Қайрат» қақпашысы Шерхан Қалмырзаға Умраға жолдама сыйлады
Жарияланды

«Қайрат» футбол клубының жас қақпашысы Шерхан Қалмырза қажылыққа жолдама сыйға алды.
Белгілі болғандай, Алматы қаласындағы бір тойда Шерхан мен анасы қонақ ретінде қатысқан. Сол кеште жас спортшыға қасиетті Меккеге Умра қажылығына арналған сертификат табысталды.
Айта кетейік, бұған дейін Шерхан Қалмырзаға кәсіпкер Ұлықбек Шарипов заманауи Exeed маркалы автокөлік сыйға тартқан болатын. Сонымен қатар, Ғылым және жоғары білім министрлігі дарынды қақпашыға білім грантын табыс еткен еді.