Алматыда автокөліктерді тексеру күшейеді

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда автокөліктер тексеру күшейеді. Жылжымалы экологиялық зертханаларды пайдаланып, автомобильдерді тексеру бойынша рейд жалғаса береді деп ескертеді қала әкімдігі баспасөз қызметі.

Тексерісті тұрақты экологиялық мониторинг аясында «Eco Almaty» ЖШС жол полициясы қызметкерлерімен бірге жүргізеді. Олар ауаның ластануын азайтуға, пайдаланылған газдардың улылығын бағалауға, көліктер арасындағы экологиялық бұзушылықтарды анықтауға бағытталған.

«Тұрақты тексерулер ластану көздерін уақытылы анықтауға және оларды жою бойынша шаралар қабылдауға көмектеседі. Бұл қаладағы ауа сапасын жақсартуға ықпал етеді»,- деп атап өтті Алматының экология басқармасы.

Әкімдік мәліметінше, 2025 жылы 4-10 қазан аралығында мамандар 224 көлікті тексерді. Оның 138-і бензинмен немесе газбен жүрсе, 23-інің зиянды заттардың рұқсат етілген мөлшерінен асып кеткен. Ал 64 дизельді көліктердің жартысына жуығы түтін шығару нормаларынан асып кеткен.

Экология басқармасының деректеріне сәйкес, қаладағы барлық шығарындының 60%-ы автокөліктен, қалғаны жеке тұрғын үй секторына және стационарлық ластану көздерінен (өндіріс орындары, моншалар, қоғамдық тамақтану, құрылыс нысандары) шығады.

Ескерте кетейік, 20 қазаннан бастап Қазақстанға кейбір көліктерді әкелуге тыйым салынады. Қандай транспортқа шектеу қойылатыны туралы мына жерден біле аласыздар.

Сондай-ақ оқыңыз