Астанада бес қабатты қонақүй өртенді

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Фото: shutterstock
Фото: shutterstock

Астана қаласында бес қабатты қонақүй өртеніп, 60-қа жуық адам эвакуацияланды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

16 қазанға қараған түні Астананың Сарыарқа ауданында, Республика даңғылы бойында орналасқан бес қабатты қонақүйде өрт шықты. Екінші қабаттан бесінші қабатқа дейінгі электр сымдары жанып, от жалпы 12 метр аумақты шарпыған.

ТЖД күштері 50 адамды эвакуациялады. Тағы сегіз адам, оның ішінде екі бала үш иінді сатымен құтқарылды.

Министрлік өрт толық сөндірілгенін, ешкім зардап шекпегенін хабарлап отыр.

Естеріңізге сала кетейік, 9 қазанда Павлодар облысында ер адам әйелі мен үш қызын өрттен құтқарып, өзі көз жұмған. Қыркүйектің аяғында Алматы қаласында екі қабатты үй өртеніп кеткен.

Сондай-ақ оқыңыз