Аты-жөнін сұрай көрмеңіз: оның есімі 2253 сөзден тұрады

Жарияланды 16 Қазан 2025 15:38

Талғат Дүйсенбек

Талғат Дүйсенбек

Business News бөлімінің тілшісі t.bukharbaev@kursiv.media
Гиннестің рекордтар кітабына енген азамат / фото: Лоуренс Уоткинстің жеке мұрағатынан

Сидней қаласының бір тұрғынының туу туралы куәлігі жеті беттен тұрады. Оның есімі 2253 сөзден тұрады. Гиннестің рекордтар кітабына енген азамат туралы CNN телеарнасы жазды.

Онымен таныспақ болып, есімін сұрай қалсаңыз, кім екенін білу үшін 20 минут бойы тыңдап тұруға тура келеді. 1991 жылы алғаш рет үйленген уақытта некелесу сәтінде күйеу баланың есімін толық атауға тура келген. Аяғына дейін шыдамаған қонақтар тойханада тамақ жеуге кірісіп те кеткен.

60 жастағы Уоткинс әлемдегі ең ұзын есімнің иесі. Ол Гиннестің рекордтар кітабына да енген. Дүниеге келген уақытта қойылған есімі бар болғаны үш сөзден тұрады: Лоуренс Грегори Уоткинс. Рекордтар кітабын оқып шыққан Лоуренс есіміне тағы 2250 сөз қостырады.

«Мен рекордшылардың ерлігіне таңғалдым. Әлемде ең жылдам, ең ұзын, ең күшті адам бар. Шашы, тырнағы ұзын адамдар да кітапқа енген», – дейді ол.

Асқан дарыны байқалмаған қарапайым ғана тұрғын ақыры осы кітапқа ену жолын ойлап табады. Сөйтіп өзіне жаңа есім қояды. Оның өзі бір айға созылады. Лоуренс латын және ежелгі ағылшын есімдерінен, танымал тұлғалардың аты-жөнінен шабыт алған.

Аты-жөнін ауыстыру үшін оған Жоғарғы сотқа дейін жетуге тура келген. Жеңіп шыққан. Өйткені соттың оның есімін өзгертуге тыйым салуға уәжі болмаған.

Екі жылға созылған сотан кейін, 1992 жылы Уоткинс жаңа есім мен Гиннестің рекордтар кітабының куәлігін алды. Азаматтың жаңа туу туралы куәлігіне тағы алты бет қосуға тура келді.

Сондай-ақ оқыңыз