Трамптың отбасы крипто саудасынан 1 млрд доллар тапты

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Фото: shutterstock
Фото: shutterstock

АҚШ президенті Дональд Трамп пен оның отбасы мүшелері бір жылдың ішінде криптовалюта нарығында 1 млрд доллардан астам табыс тапты. Мәліметті Financial Times жариялады.

Басылым мұндай табыс Трамп әкімшілігінің крипто саласын дамытуды сөздеген саясатының нәтижесінде келді деп есептейді. Осы екеуі 427 млн доллар кіріс әкелген. Бұған қоса World Liberty Financial токенінен түскен табыс 550 млн долларға бағаланды. Сонымен бірге, USD1 стейблкоинының сауда көлемі 2,71 млрд доллардан асып кетті.

Трамптың криптожобалары оның қағаз түріндегі таза капиталының көлемін де арттырды. Мәселен, оның Trump Media & Technology Group компаниясындағы үлесі 1,9 млрд доллар тұрады. Компанияға Truth Social әлеуметтік желісі қарайды.

Құрама Штаттар президентінің криптофирмаларының дені ұлы басқаратын трастқа тиесілі. АҚШ президенті осы трастың жалғыз бенефициары. Трамп жоғары қызметтен кеткеннен кейін кәсіпке қайта орала алады.

Әдетте АҚШ-та президент болған саясаткерлер кәсібін тәуелсіз тарапқа тапсыратын. Трамп осы жолды таңдамай, кәсібін отбасының атына жаза салды.

Сондай-ақ оқыңыз