Жаңалықтар

Астанадан шыққан ұшақ шұғыл қайтуға мәжбүр болды

Ұшақ сағат 10:00-де Астанадан Өскеменге ұшуы қажет болған/фото: charterom.com

SCAT әуекомпаниясының Астанадан ұшып шыққан ұшағы кері қайтуға мәжбүр болды. Ақпаратты әуекомпания баспасөз қызметі растады.

Ұшақ сағат 10:00-де Астанадан Өскеменге ұшуы қажет болған. Алайда қалың тұманға және жолдың 50 метрге дейінгі жерден көрінбеуіне байланысты әуежайға қайтты. Мұндай ауа райында ұшақ қауіпсіз жағдайда қона алмайды.

Осылайша таңғы рейс сағат 18:00-ден кейінгі уақытқа ауыстырылды. Себебі сол уақытқа дейін Астана әуежайынан рейстер орындалмайды. Жолаушылар Өскеменге 18:30-де ұшады.

2025 жылдың 8 қыркүйегінен 31 қазанына дейін Астана әуежайында сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін ұшу-қону жолағы жабық болады.