2030 жылға қарай Қазақстан электр энергиясын импорттаудан бас тартпақ

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Фото: shutterstock, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қазақстан 2030 жылға қарай электр энергиясын көрші елдерден сатып алмауы мүмкін. Биыл қабылданған «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы толық жүзеге асса, елге қажет энергия өзімізде өндіріледі. Бұл туралы журналистермен кездесуде Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Тимур Қосымбаев айтты.

Қазақстан электр энергиясының басым бөлігін Ресейден ипорттайтыны белгілі. Биыл көрші елден алынатын импорт көлемі күрт өсіп, жеткізілген электр энергиясы 782,4 млн кВт/сағ құраған.

Енді бұл мәселені «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын шешпек. Оған жалпы 13,5 трлн теңге жұмсау жоспарланып отыр. 2029 жылға дейін коммуналдық құбыр желісін жаңғырту үшін 6,8 трлн теңге құйылса, ал энергетика саласына 6,2 трлн теңге инвестиция артылады.

«Энергетика саласында 15 жаңа жоба жүзеге асып, қазір жұмыс істеп тұрған 14 станция толық жаңғыртылады. Осы жобалар іске асқан соң, 2030 жылға қарай 14 МегаВатт қосымша электр энергиясы пайда болады. Соны арқасында көрші елдердің энергиясына деген тәуелділіктен арыламыз»- деді спикер.

Жоба аясында 70%-ы тозып тұрған электр желілері мен 50%-ға ескірген жылу құбырлары жаңғыртылмақ.

Сондай-ақ оқыңыз