Жаңалықтар

Алматыда веложарысқа байланысты демалыс күндері Медеу жолы жабылады

Велогонка в Алматы: какие улицы перекроют
Алматыда веложарысқа байланысты демалыс күндері Медеу жолы жабылады / Фото: telegram.org/k/#@AlmatyJoly бильд-редактор: Серикжан Қобланбаев

19 қарашада Алматыда Giro d’Almaty 2025 жыл сайынғы әуесқой веложарыс өтеді, деп хабарлайды Kursiv.media.

Велосипед жарысына байланысты 08:00-ден 09:30-ға дейін Керей-Жәнібек хандар көшесінің батыс жағында – Royal Tulip Almaty қонақ үйінен «Медеу» мұз айдынына дейін көлік қозғалысы уақытша шектеледі.

«Қала тұрғындары мен қонақтарын түсіністікпен қарауды және қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз», — деп хабарлады Almaty Joly.

Айта кетейік, осыған дейін Алматы Марафонының қалай өткені жайлы ақпарат жариялаған едік.