Дастан Сәтпаев жеңіс голын қайтыс болған футболшы Диас Төлеуге арнады
Жарияланды

17 қазанда алматылық «Қайрат» сырт алаңда петропавлдық «Қызылжармен» ойнап, Дастан Сәтпаев өз голын кеше ғана ойын алаңында қайтыс болған «Хан Тәңірі» командысының футболшысы Диас Төлеуге арнады.
«Дастан Сәтбаев өз голын 2023 жылы U-18″ Қайрат» сапында ойнаған Диас төлеуге арнады», – делінген «Қайрат» клубының хабарламасында.

Ойын жақында ғана қайтыс болған қос футболшы Диас Төлеу мен Арон Мұсаны еске алу үшін бір минут үнсіздікпен басталды. 1:0 есебімен қонақтар жеңіске жетіп, жеңіс голын Сәтпаев соқты.
Айта кетейік, 16 қазанда «Хан-Тәңірі» футбол клубының 19 жастағы ойыншысы Диас Төлеу матч кезінде өзін жайсыз сезініп, ойын алаңында қайтыс болған. Футбол федерациясы оқиғаны себебін анықтау үшін арнайы комиссия құрған.