Жамбыл облысында физика пәнінің мұғалімі 14 млн несие алып, банкпен соттасты

Жамбыл облысы Меркі ауданында физика пәнінің мұғалімі бес банкке жалпы соммасы 14 миллион теңге қарыз болып, банктерді сотқа беріп, сомма бөліп төлеуге келісім алған. Жергілікті аудандық сот оны адал қарыз алушы деп тану арқылы төлем қабілетін қалпына келтіру процедурасын қолданды.
Бес банктен қарыз ала алды
Азамат кәмелетке толмаған қызын тәрбиелеп отыр, жеке баспанасы жоқ, жалдамалы пәтерлерде тұрады. Ол тұтынушылық несиелерді жылдар бойы жинап келген. Ай сайынғы төлемдер 500 мың теңгеден асады. Ал оның табысы небәрі 170 мың теңгені құрайды. Ол ай сайынғы соманы азайта отырып, өтеу жоспарын құру туралы шешім қабылдаған.
Банктер қарсы болды
Бес банктің төртеуі сотқа мұндай іске рқсат бермеуді сұраған. Сот іс материалдарын зерттеп, әділетсіздік жоғын растады. Әйел несие берушілерден қашқан жоқ және қаржылық қиындықтарын дәлелдеді.
«Осы ақпаратты ескере отырып, өтініш қанағаттандырылды: сот төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жоспарын ұсынуға уақыт беріп, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру процедурасын қолданды», – деп хабарлады баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық Банк 10 қазанда базалық мөлшерлемені 16,5%-дан 18%-ға дейін ұлғайтты. Базалық мөлшерлеменің өсуі халық пен бизнес үшін несиелердің қымбаттауына әкеледі.