
Әнші Қайрат Нұртастың інісі Заңғар әке атанды. Жас әке бұл қуанышты хабарды өз Instagram парақшасында жариялап, сәбидің есімін де көпшілікке таныстырды.
«Әлхамдулиллях, қош келдің ұлым, Әміре!» – деп жазды Заңғар әсерлі сурет астына.
Желі қолданушылары мен жанкүйерлер жас ата-ананы жылы лебіздермен құттықтап,
«Бақытты болыңдар!», «Әміре батыр болсын!», «Ата-ана бақыты ұзақ болсын!» деген тілектерін жаудырып жатыр.
Еске сала кетейік, бұған дейін Гүлзира Айдарбекова кенже келіні Индира Мауленнің анасына керемет тәрбие бергені үшін алғыс айтқан еді.