Алматыда мылқау такси жүргізушісін мазақ еткен әйел полицияға жеткізілді

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
полиция
Такси жүргізушісін мазақ еткен әйел полицияға жеткізілді Аскар Ахметуллин, бильд-редактор: Дастан Шанай

15 қазан күні әлеуметтік желілерде блогердің мылқау такси жүргізушісіне құрметсіздік танытқан бейнежазбасы тарады. Видеода қыз такси салонында ән айтып, жүргізушіні камераға түсірген. Бұл әрекет қоғамның наразылығын тудырып, әлеуметтік желі қолданушылары арасында кең талқыланды.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, бейнежазба авторының жеке тұлғасы анықталып, Алмалы аудандық полиция басқармасына жеткізілген. Қызға қатысты түсіндіру және алдын алу жұмыстары жүргізілді.

«Алмалы аудандық полиция басқармасының қызметкерлері бейнежазба авторының жеке басын анықтап, оны полиция бөлімшесіне жеткізді. Қызбен профилактикалық және құқықтық түсіндіру әңгімесі жүргізілді. Қы өз кінәсін мойындап, өкінетінін білдірді», — деп хабарлады полиция.

Сондай-ақ, полиция әлеуметтік желі қолданушыларын жариялайтын контентке жауапкершілікпен қарап, қоғамдағы этика, мораль және өзара құрмет қағидаларын сақтауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыз