Тоқаев спорт федерацияларының басшыларын сынға алды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Токаев
Тоқаев спорт федерацияларының басшыларын сынға алды / фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев спорт саласындағы басқару мәдениеті мен жауапкершілік туралы сөз қозғап, бірқатар спорт федерацияларының жұмысын сынға алды. Мемлекет басшысы федерацияларды тек бюджет қаржысына қарап отыратын ұйымдарға айналдырмау керектігін атап өтті.

«Федерацияны ел ішінде немесе шетелде өз беделін арттыру құралы ретінде пайдалану дұрыс емес. Мемлекет кәсіпкерлерді, соның ішінде ірі бизнес өкілдерін қолдайды, бірақ мемлекет пен қоғам олардың тарапынан кері қайтарымды күтуге құқылы. Әсіресе спорттың, соның ішінде футболдың коммерциялануы мәселесінде», — деді Президент.

Мемлекет басшысы спорт саласында мемлекеттік органдар мен федерациялар арасында тең дәрежелі әріптестік пен нақты жауапкершілік шегін белгілеу қажеттігін айтты.

Сондай-ақ оқыңыз