Дариға Бадықованың “Ыстық Ұя” фильмі 1 млрд теңге жинады

Жарияланды 17 Қазан 2025 12:49

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
«Ыстық Ұя» фильмі 1 млрд теңге жинады / фото: instagram

Белгілі актриса және продюсер Дариға Бадықованың «Ыстық Ұя» атты көркем фильмі прокатта үлкен табысқа жетіп, 1 млрд теңгеден астам қаржы жинады.

Актриса Instagram парақшасында көрермендерге алғысын білдіріп, фильмнің халықтың жүрегінен орын тапқанын айтты:

«Ыстық Ұя – жай фильм емес. Бұл – сезім. Бұл – сағыныш. Жүректерге жетсін, жүректер қозғалысшы болсын деп түсірілген фильм еді… Талай суық жүректі жылытты, талай қатты жүректі жібітті. Бұдан артық жетістік жоқ. Миссия орындалды,» – деп жазды ол.

Дариға Бадықова фильм шыққаннан кейін көрермендерден алған хаттар мен пікірлердің өте шынайы болғанын атап өтті. Көп адам туындының өз өмірімен үндескенін, отбасылық және туыстық қарым-қатынастар туралы ой салғанын жазған.

Фильмнің мазмұны

«Ыстық Ұя» фильмінің басты кейіпкері – Ғалия есімді қазақ қызы. Бірнеше жыл Кореяда еңбек етіп, тапқан қаржысына туған ауылында үй салады. Қоныс тойға жиналған туыстары бастапқыда қуаныш білдіргенімен, дастарқан басында көне реніштер мен жасырын өкпелер ашыла бастайды. Туыстар арасындағы материалдық мүдде мен рухани алшақтық тартысқа айналып, көрерменді ойға жетелейді.

«Халық өзі жарнама жасаған халықтың фильмі болды. Сондықтан 1 млрд теңге касса – бұл көрерменнің адал бағасы деп білемін,» – деп қорытындылады Бадықова.

Көпшілік арасында Бадықованың жеке өміріне қатысты талқылаулар да фильмге назар аудартты. Бұған дейін желіде актрисаның бұрынғы күйеуінің сұхбаты да көп талқыланды.

Сондай-ақ оқыңыз