Оқушылар арасында алғаш рет қаржылық сауаттылықтан республикалық олимпиада өтеді

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
Фото: ашық дереккөзден

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы алғаш рет 9-11 (12) сынып оқушыларына арналған қаржылық сауаттылық пен цифрлық қауіпсіздік бойынша республикалық олимпиада өткізу бастамасын көтерді.

«Бұл жоба оқушылардың қаржы саласындағы білімін арттыруға, қаржылық жауаптылық пен цифрлық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған», – деп түсіндіреді министрліктен.

Олимпиаданың бірінші кезеңі 17 қазан күні барлық өңірлерде офлайн форматта өтеді. Қатысушылар 30 сұрақтан тұратын тест тапсырмасын 60 минут ішінде орындауы керек. Үздік нәтиже көрсеткен 30 оқушы келесі кезеңге жолдама алады.

Барлығы төрт кезеңнен тұратын олимпиаданың финалы 2026 жылдың мамыр айында Астанада өтеді.

Айта кетейік,  2025-2026 оқу жылында «Цифрлық сауаттылық» және «Информатика» оқу пәндері мазмұнына жасанды интеллекті негіздері қоса оқытылатын болды.

Сондай-ақ оқыңыз