Уилл Смит теннисші Янник Синнердің рөлін кинода сомдауға дайын

Голливудтың атақты әртісі Уилл Смит танымал теннисші Янник Синнердің рөлін кинода сомдауға әзір. Бұл туралы ол Instadram-дағы парағына жазды.
Осының алдында ғана италиялық теннисші Янник Синнерден Голливудтың қай іртісі өзін кинода сомдай алады деп сұраған. Сол кезде әлемнің екінші теннисшісі Уилл Смитті атаған.
Оскар сыйлығының иегері көп күттірген жоқ.
«Янник, мен дайынмын!» – деп жазды әртіс.
Бұған қоса, ол Янниктің Уимблдон кубогын ұстап түскен суретін алып, теннисшінің орнына өзінің суретін қойып, желіге жариялады.
24 жастағы Янник Синнер 21 турнирдің жеңімпазы. Олардың арасында Үлкен Дулыға санатына жататын төрт ірі жарыс бар. Қазір ол ATP рейтингінде екінші орында тұр.
57 жастағы Уилл Смит 2021 жылы «Ричард патша» фильмі үшін «Оскар» сыйлыған алған. Ол бұл фильмде атақты теннисші Серена Уильямстың әкесі Ричард Уильямстың рөлін сомдаған.