
Синоптиктер 19 қазанда Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райы қолайсыз болады деген болжам жасайды. «Қазгидромет» дерегінше, елдің батыс, солтүстік-батыс, шығыс және оңтүстік-шығысында жаңбыр мен жылбысқы қар жауады. Қалған аумақтарда жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Синоптиктер республиканың көптеген өңірінде жел күшейетінін ескертеді. Солтүстікте және оңтүстік-шығыстың таулы бөлігінде тұман түсуі мүмкін.
Астанада ауа райы көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертен тұман. Оңтүстік-батыстан күші 7-12 м/с болатын жел соғады. Ауа температурасы түнде -1, күндіз 7-12 градус жылы.
Алматы да көшпелі бұлт шыққанымен, жауын-шашын болмайды. Кей уақытта тұман. Оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с болатын жел соғады. Ауа температурасы 6-8 градус жылы.
Алматы облысының солтүстігінде –1 °C шамасында аяз күтіледі. Ал Атырау облысында 20 м/с дейінгі жел, облыстың көп бөлігінде жоғары және төтенше өрт қаупі туындайды. Түнде Кызылорда облысында ауа температурасы –6 °C-қа дейін төмендейді.
Актөбе облысыында жел тұрып, температура ауытқиды. Жетісу, Абай, Ұлытау, Павлодар облысының кей аудандарында соқққан желдің жылдамдығы 15–20 м/с асады.
Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында түнде және таңертең тұман түсіп көктайғақ болады.
Жамбыл облысының таулы аудандарда жылжамдығы 15–20 м/с жететін жел тұрып, түнде тұман түседі. Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарыда да осындай ауа райы болмақ.
Синоптиктер қолайсыз ауа райына байланысты жолда абай болуға және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға шақырады.
Бұған дейін мамандар солтүстік аймақтарда қар мен көктайғақ болады деген болжам жасаған.