Жаңалықтар

Антикордың бұрынғы басшысы жаңа қызметке тағайындалды

Фото: ҚазАқпарат

Асхат Жұмағали Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары қызметіне тағайындалды. Ол бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін (Антикор) басқарған.

«Мемлекет басшысының өкімімен Асхат Жұмағалиұлы Жұмағали Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары лауазымына тағайындалды», – делінген Ақорда таратқан хабарламада.

Жұмағали Антикордың төрағасы қызметін 2023 жылдың сәуірінен 2025 жылдың шілдесіне дейін атқарды.

Бұл кезеңде агенттікке құрылымдық өзгерістер енгізіліп, кейін ол таратылып, ұлттық қауіпсіздік жүйесін қайта жаңғырту аясында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрамына біріктірілді.

Асхат Жұмағали бұған дейін Сағадат Нұрмағамбетов атындағы I дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған.