Тоқаев «Қазақстан барысы – 2025» турнирінің жеңімпазы Марат Байқамұровты құттықтады

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Фото: Қазақстан барысы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев дәстүрлі «Қазақстан барысы – 2025» турнирінің жеңімпазын құттықтады.

«Марат Байқамұровты қазақ күресінен «Қазақстан барысы – 2025» турниріндегі жарқын жеңісімен құттықтаймын! Ол тамаша өнер көрсетіп, жанкүйерлер көңілінен шықты. Мемлекет қазақ күресінің дамуына алдағы уақытта да қолдау көрсете береді», — деп жазылған құттықтау мәтінінде.

Еске салайық, Астанадағы қазақ күресінен «Қазақстан Барысы – 2025» турнирінде әскер барысы Марат Байқамұров үздік атанды. Ол 2024 жылғы «Қазақстан барысы» Ерасыл Қажыбаевпен финалда белдесті.  Ақтық белдесудің алғышқы минуттарында-ақ Байқамұров қарсыласының осал тұсын тауып, таза жеңіске қол жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыз