
Ресей ғылым академиясының Ғарыштық зерттеулер институтына қарасты Күн астрономиясы зертханасы Күннің аса қуатты 4246-ншы белсенді аймағын көрсетті.
«4246-ншы белсенді аймақ Күннің арғы бетіне өтіп барады – ол түтін мен жалын ішінде», – делінген зертхана Telegram-арнасында жарияланған видеожазба сипаттамасында.
Айта кетейік, бұл Күннің аталған аймағынан бөлінетін энергия қорын шамамен болжаудың өзі қиын. 10 қазаннан бері 4246-аймақта 100-ден астам жарқыл пайда болған, оның ішінде 25-і — М деңгейіндегі (қуатты) жарқылдар.
«15 қазаннан бастап бұл аймақта Жер орбитасының жазықтығында ірі плазмалық шығарындылар басталды, алайда сол сәтте белсенді аймақ Күн мен Жердің тікелей сызығынан шығып кеткен болатын. Тек алғашқы шығарындылардың бірі ғана Жерге әсер етуі мүмкін еді, қалғандары мүлде қауіпсіз қашықтықта қалыптасты», — деді ғалымдар.
Қазір бұл аймақта қуатты жарылыстар әлі де жалғасып жатыр, тек 18 қазанда мұнда бес М-деңгейіндегі жарқыл тіркелген. Алайда лаборатория мамандарының айтуынша, бұл жер ғаламшары үшін ешқандай қауіп төндірмейді.