Aiser брендіне тиесілі құс етінен сальмонелла бактериясы анықталды

Алматы облысы Ұйғыр ауданында орналасқан «Otan Green Food» құс фабрикасында өндірілген еттен Salmonella тобына жататын бактериялар анықталды. Бұл туралы Kursiv.media КазТАГ агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ақпаратты «Россельхознадзор» хабарламасында жазылған. Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі құс фабрикасына тексеру жүргізілетінін мәлімдеді. Сонымен қатар, «Россельхознадзор» енгізген күшейтілген зертханалық бақылау режимі өнімді сыртқа шығаруға немесе сатуға тыйым салуды білдірмейтінін нақтылады. Мұндай шаралар Ресейдің бірқатар кәсіпорындарына да қолданылады.
Бұл режим шеңберінде үш айдан аспайтын мерзімде он партия өнімнен сынамалар алынып, зертханалық талдау жүргізіледі.
«Анықталған сәйкессіздіктердің себептерін анықтау мақсатында ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Алматы облыстық аумақтық инспекциясы кәсіпорында тексеру жүргізіп, сынамалар алады және сәйкессіздіктерді жою бойынша түзету шараларын қабылдау жөнінде ұсынымдар береді», – деп түсіндірді министрлік.
Министрлікте атап өткендей, «күшейтілген лабораториялық бақылау режимі» Евразиялық экономикалық одақ аясындағы стандартты тәжірибе болып табылады және өнімнің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз етуге бағытталған. Сонымен қатар, кәсіпорынның тауарлары әр партиядан қосымша талдау алу шартымен ЕАЭО елдері арасында еркін айналыса алады.
Сонымен бірге, «Otan Green Food» ЖШС құс фабрикасының өндірген еті сатылымнан алынып тасталғаны туралы Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Министрлікте азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кәсіпорында күшейтілген ветеринариялық-санитариялық бақылау жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
«Аталған өнім оқшауланып, сатылымға шығарылмайды. Алматы облысы филиалы РГКП «РВЛ» мен бірлесіп, санитарлық және микробиологиялық талаптарға сәйкестігін растау үшін қосымша лабораториялық зерттеулер жүргізілуде», — деп хабарлады Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Әкімдіктің мәліметінше, кәсіпорын қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр, сонымен қатар ішкі сапа бақылауы күшейтілген, жабдықтарға санитарлық өңдеу жүргізілуде және алдын алу шаралары қабылдануда.
«Халық үшін ешқандай қауіп жоқ. Жағдай облыстық ветеринарлық қызметтің бақылауында», – деп атап өтті өңір әкімдігі.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау орталығының мәліметі бойынша, «Otan Green Food» кәсіпорны Алматы облысы Ұйғыр ауданының Тігермен ауылында орналасқан және Aiser брендімен өнім шығарады.
Соңғы бір жарым айда осындай жағдайлар Қазақстанның басқа құс фабрикаларында да тіркелген. Мысалы, «Алатау-құс» АҚ өнімінен Listeria monocytogenes бактериялары, ал «Жас қанат» бройлер құс фабрикасы» ЖШС мен «Өскемен құс фабрикасы» АҚ өнімдерінен Salmonella анықталған. Соған қарамастан, Ауыл шаруашылығы министрлігі бұрын анықталған өнім партиялары қауіпсіз екенін мәлімдеген еді.
Salmonella және Listeria monocytogenes бактерияларының қауіпі
Salmonella және Listeria monocytogenes бактериялары адам үшін қауіпті деп саналады. Біріншісі сальмонеллезді тудырады, ол әсіресе балаларда, қарт адамдарда және иммунитеті төмен адамдарда ауыр өтеді және кейбір жағдайларда қанға инфекция таралуына әкелуі мүмкін. Listeria monocytogenes листериозды қоздырады — бұл сирек кездесетін, бірақ ауыр инфекция, ол жүкті әйелдерге, нәрестелерге және қарттарға қауіпті, ауыр түрлерінде өлім көрсеткіші 20-30%-ға жетеді.
Еске салайық осыған дейін Ресейдің қазақстандық тауық етінде қауіпті бактерия бар дегені тағы расталмаған болатырн.