
Өзбекстандық автокөлік өндірушісі UsAuto Motors танымал седанның екі жаңа нұсқасын таныстырды — Chevrolet Cobalt Style MCM және Cobalt Midnight MCM.
Не өзгерді
Жаңа нұсқалар Cobalt моделінің бұрыннан бар үш комплектациясына қосымша ретінде ұсынылып отыр. Бұл үлгілерде бұған дейін қолжетімді болмаған жаңа мүмкіндіктер пайда болды.
Компанияның мәліметінше, жаңғырту барысында көліктің 50-ден астам негізгі компоненті жаңартылған. Атап айтқанда:
- қозғалтқышты басқарудың жаңа блогы орнатылды;
- газ тарату және электронды басқару жүйесі жетілдірілді;
- ABS жүйесі, қауіпсіздік жастықшаларын және күзет қызметін басқару блоктары жаңартылды;
- диагностикалық модуль едәуір жаңғыртылды.
Айта кетейік осыған дейін Chevrolet Cobalt-тың жаңартылған нұсқасын ұсынғалы жатқанын жазған едік. Алайда ол өзгеріс негізінен салонға қатысты болған.