Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі тағайындалды

Қазақстанның АҚШ-тағы жаңа елшісі тағайындалды. Ақорданың хабарлауынша, бұл қызметті енді Мағжан Ілиясов атқарады.
«Мемлекет басшысы жарлығымен Мағжан Ілиясов Қазақстанның Америка Құрама Штаттарындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды», – делінген ақпаратта.
Ілиясов Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия құрама корольдігіндегі елші, Исландиядағы, Ирландиядағы елші қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.
Айта кетейік, бұған дейін АҚШ-та елші болған Ержан Ашықбаев Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды.
Мағжан Ілиясов туралы не белгілі
Ілиясов 2016-2020 жылдары Қазақстанның Нидерланды Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі, Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым жанындағы тұрақты өкіл болған.
2020-2022 жж. – Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы тұрақты өкілі.
2022 жылдың 6 қазанынан бастап Қазақстанның Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігіндегі Елшісі.
2023 жылдың 18 сәуірінен бастап Исландия және Ирландиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болған.