Алқабилерге сотталғандарды босату құқығын бергелі жатыр

Қазақстанда сотқа қатысатын алқабилерге сотталғандарды мерзімінен бұрын босату құқығы берілуі мүмкін. Бірнеше өңірде келесі жылдан бастап өзгерістер пилоттық режимде енгізіледі. Тиісті заң жобасын Мәжіліс депутаттары әзірледі.
Депутаттар шартты түрде мерзімінен бұрын босату тәртібіне өзгеріс енгізуді ұсынды. «Қылмыстық заңнаманы одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына сәйкес, алқабилер сотына мынадай шешімдер қабылдау құқығы берілуі ықтимал:
- жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы;
- өтелмеген жазаның бір бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстыру туралы;
- тағайындалған жаза мерзімін қысқарту туралы.
«Осы баптың бірінші бөлігінің сегізінші абзацында көзделген қылмыстар үшін шартты түрде мерзімінен бұрын босату немесе жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстыру туралы сотталғандардың өтініштерін сот сотталған адамның өтініші бойынша сотталғандардың қатысуымен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 72 және 73-баптарының нормаларын сақтай отырып, бір судьядан және алты алқабиден тұратын алқабилер алқасы қарайды» – делінген құжатта.
Сондай-ақ 52-баптың алтыншы бөлігі мына мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын делінген.
«Осы баптың бірінші бөлігінің сегізінші абзацында көзделген қылмыстар үшін шартты түрде мерзімінен бұрын босату немесе жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстыру туралы сотталғандардың өтініштерін сот сотталған адамның өтініші бойынша сотталғандардың қатысуымен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 72 және 73-баптарының нормаларын сақтай отырып, бір судьядан және алты алқабиден тұратын алқабилер алқасы қарайды», – делінген құжатта.
Бұл мәселелер қазір қоғамдық қатысумен өткізілмейді. Өтініштерді сотталғандар тікелей сотқа жолдайды.
«Қоғам бұл процеске қатыспайды, ал прокурор тек хабардар етіледі. Сондықтан басқа тәсілді енгізу ұсынылып отыр – азаматтардың мерзімінен бұрын босату (ШМБ) немесе жазаның бір бөлігін жеңіл түрге ауыстыру (ЖЖА) туралы өтініштерін қарау құзыретін алқабилер сотына беру», – дейді.
Сотталғандардың өтініштерін бір судья және алты алқаби қарайды. Ұқсас тетік Ұлыбритания, Франция, Жаңа Зеландия, Канада және басқа да елдерде қолданылып жүр. Депутаттардың айтуынша, халықаралық тәжірибе бұл тәсілдің оң нәтижесін көрсеткен.
«Мысалы, АҚШ-та сотталушының мінез-құлқын сот емес, губернаторлар жанындағы арнайы комиссиялар бағалайды. Істі қарауға дейін сотталған адам бостандыққа шыққаннан кейінгі өмір жоспарын дайындауы тиіс – яғни қайда және кіммен тұратынын, немен айналысатынын көрсетеді. Комиссия құрамына психиатрлар, бұрынғы судьялар, қылмыстық-атқару жүйесінің өкілдері, кей елдерде бұрын сотталған адамдар да кіреді», – деді мәжілісмендер.
Айта кетейік, 2025 жылдың маусымында Конституцияның қабылданғанына 30 жыл толуына орай сотталған 15 мыңнан астам адамға амнистия жарияланды.