Жаңалықтар

Енді ЖИ камералар қазақстандықтарды тәулік бойы бақылайды

Фото: kursiv.media архиві

Қазақстанда алдағы уақытта «Ұлттық бейнебақылау жүйесі» енгізіледі. Бұл жайлы Парламент сенатында өткен жиында Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді.

Министрдің сөзінше, аталмыш жүйе жасанды интеллект арқылы қоғамдық орындарда 24 сағат бойы бейнебақылауды қамтамасыз етеді. Жүйе автоматты түрде адамдарды, көліктердің нөмірлерін таниды және күдікті жағдайларды тіркейді. Аталмыш

«Жүйе автоматты түрде тұлғаларды, көлік нөмірлерін таниды, сондай-ақ күмәнді жағдайларды бақылайды, яғни төбелестерді, адамдардың жиналуын және қалдырылған заттарды тіркейді», – деді Мәдиев.

Мәдиевтің айтуынша, жаңа технология қоғамдық тәртіпті сақтау және жол-көлік оқиғаларын бақылау үшін қолданылады. Жүйе толық іске қосылғаннан кейін азаматтарды тәулік бойы бақылауға мүмкіндік туады.

Айта кетейік, бұған дейін ChatGPT әзірлеушісі OpenAI өз ЖИ чиптерін шығара бастайтынын жазған едік.