
Итальяндық NEOS авиакомпаниясы Қазақстанның Атырау қаласынан Италияның Милан қаласына тікелей әуе рейсін ашады, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Әуе компаниясы таратқан ақпаратқа сүйенсек, Италияның қаржы орталығын Қазақстанның мұнай-газ астанасы арасындағы рейс 2025 жылдың 17 қарашасында ашылады.
Рейс аптасына бір рет орындалатын болады: сенбі күндері Атыраудан Миланға және сәрсенбі күндері Миланнан Атырауға дейін, одан әрі жиілігі аптасына екі ретке дейін артады.
Эконом-кластағы билеттер екі жаққа да 528 доллардан (шамамен 283 000 теңге – бір билет), ал премиум-класта екі жаққа да 1 210 доллардан (шамамен 651 000 теңге – бір билет) басталады.