Семейде жаппай жол көлік апаты болды

Жарияланды (жаңартылды )
​​General news бөлімінің тілшісі
Семейде жаппай жол көлік апаты болды / Абай облысының полициясы

Бес көліктің қатысуымен болған апат Семейдегі Қаржаубайұлы көшесінде орын алып, нәтижесінде екі жүргізуші зардап шекті, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Абай облыстық полиция департаментінің ақпаратына сүйенсек, 2025 жылдың 20 қазанында сағат 16:29 шамасында Қаржаубайұлы көшесінде HYUNDAI TUCSON көлігінің жүргізушісі жол бойында Nissan SKYLINE көлігімен соқтығысқан. Нәтижесінде Toyota CAMRY, HYUNDAI TUCSON, VOLKSWAGEN GOLF және KIA BONGO көліктері біріне-бірі соқтығысқан.

Hyundai Tucson және NISSAN Skyline автокөліктерінің жүргізушілері тексеру үшін медициналық мекемеге жеткізілген. Жол көлік апатының қалған қатысушылары зардап шеккен жоқ, көлік құралдарына материалдық залал келтірген.

Полицияның ақпараты бойынша, осы факті бойынша тексеру жүргізіліп, апаттың мән-жайы және алған жарақаттарының дәрежесі белгіленеді.

Сондай-ақ оқыңыз