Алматыда 72 гектар жер шетелдік компаниядан тәркіленді

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
Алматыда 72 гектар жер шетелдік компаниядан тәркіленді / Фото: Shutterstock

Алматыда қаланың жоғары бөлігінде орналасқан ауданы 71,9 гектар ауыл шаруашылығы жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Прокуратура ақпаратына сүйенсек, шетелдік компания жерді заңсыз иемденген. Тексеру кезінде белгілі болған ақпаратқа сай, учаске Жер кодексінің талаптарын бұза отырып пайдаланылған. Өйткені шетелдік ұйымдарға Қазақстанда ауыл шаруашылығы жерлерін иеленуге тыйым салынады.

Прокуратураның талабы бойынша 16 шілдеде Алматыдағы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот жерді қайтару туралы талаптарды қанағаттандырды, ал 2 қазанда апелляциялық сот шешімді өзгеріссіз қалдырды.

Құны 5,9 млрд теңге болатын жер мемлекетке қайтарылды. Прокуратура жерді заңсыз пайдалануды анықтау және жолын кесу жұмыстары жалғасып жатқанын атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында пайдаланылмаған және заңсыз алынған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді алып қою бойынша жұмысты жақсарту қажеттігін мәлімдеді.

Сондай-ақ оқыңыз