Гүлзира Айдарбекова өзіне жаңа көлік сыйлады (видео)

Жарияланды 20 Қазан 2025 15:15

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Гүлзира Айдарбекова өзіне жаңа көлік сыйлады / фото: скриншот

Белгілі продюсер Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова өзіне жаңа темір тұлпар сыйлады. Бұл туралы Instagram парақшасында жариялады.

Продюсер желіде жаңа BMW маркалы көлігінің видеосын жариялап, қуанышымен бөлісті:

«Өміріміз оза берсін, көлігіміз тоза берсін. Лүпіл басқан оқырмандарыма жұғысты болсын», – деп жазды Айдарбекова.

Желі қолданушылары продюсердің жаңа сатып алған көлігін қызу талқылап, түрлі пікір қалдырды. Бірі құттықтаса, енді бірі әзіл аралас пікір білдірді:

«Біз де Гүлзираның жолымен жүрейік», «Қазақстанда шамамен 38 млн теңге тұратын көлік екен», «Су мен сабын сатып алған ақшасы шығар», – деп жазды пікір білдірушілер.

Еске сала кетейік, бұған дейін Гүзира Айдарбекова сусабын сатып басы дауған қалған еді.

Сондай-ақ оқыңыз