
Белгілі продюсер Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова өзіне жаңа темір тұлпар сыйлады. Бұл туралы Instagram парақшасында жариялады.
Продюсер желіде жаңа BMW маркалы көлігінің видеосын жариялап, қуанышымен бөлісті:
«Өміріміз оза берсін, көлігіміз тоза берсін. Лүпіл басқан оқырмандарыма жұғысты болсын», – деп жазды Айдарбекова.
Желі қолданушылары продюсердің жаңа сатып алған көлігін қызу талқылап, түрлі пікір қалдырды. Бірі құттықтаса, енді бірі әзіл аралас пікір білдірді:
«Біз де Гүлзираның жолымен жүрейік», «Қазақстанда шамамен 38 млн теңге тұратын көлік екен», «Су мен сабын сатып алған ақшасы шығар», – деп жазды пікір білдірушілер.
Еске сала кетейік, бұған дейін Гүзира Айдарбекова сусабын сатып басы дауған қалған еді.