Медведев Almaty Open-2025 турнирінің чемпионы атанды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
В 40-м финале в карьере Даниил Медведев завоевал 21-й титул
Медведев Almaty Open–2025 турнирінің чемпионы атанды / фото: KTF

Ресейлік теннисші Даниил Медведев Алматыда өткен ATP–250 санатындағы Almaty Open–2025 турнирінің басты трофейін жеңіп алды. 14-ші нөмірлі спортшы финалда француз Корентен Мутені 7:5, 4:6, 6:3 есебімен ұтып, 160,5 мың доллар ақшалай жүлдені иеленді.

Финалдық матч 2 сағат 36 минутқа созылды. Медведев кездесуде сегіз эйс жасап, бес рет қос қателік жіберді және тоғыз брейк-пойнттің төртеуін тиімді пайдаланды.

26 жастағы Муте финалда бір эйс соғып, бірде-бір қос қателік жасамады және бес брейк-пойнттің үшеуін іске асырды.

Ал жұптық сында француз теннисшілері Тео Аррибаж бен Альбано Оливетти жеңімпаз атанды. Шешуші кездесуде неміс спортшылары Якоб Шнайттер мен Марк Вальнерді 6:4, 7:6 (10:8) есебімен ұтып, 55,8 мың доллар жүлдені бөлісті.

Өкінішке қарай, қазақстандық теннисшілер бұл жолы табысқа жете алмады. Денис Евсеев, Михаил Кукушкин, Әмір Омарханов, Тимофей Скатов, Бейбіт Жұқаев және Александр Шевченко әр кезеңде турнирден шығып қалды.

Ал елдің бірінші ракеткасы Александр Бублик жарақатына байланысты Алматыдағы турнирге қатысқан жоқ.

Сондай-ақ оқыңыз