Алматыда тау марафоны кезінде спортшы қайтыс болды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Владимир Кривенцов
Алматыда Владимир Кривенцов жарыс жолында көз жұмды / фото:

Алматыда өткен тауда жүгіру жарысына қатысқан Владимир Кривенцов көз жұмды. Оқиға Іле Алатауы баурайында, «Экстремалды атлетика» ұйымы өткізген спорттық шара барысында болды.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, спортшыға жарыстың басында өзін жайсыз сезінгеннен кейін шұғыл көмек көрсетілген. Оқиға орнына ТЖД қызметкерлері бірнеше минут ішінде жетіп, алғашқы медициналық көмек көрсетіп, «Медеу» кешеніндегі құтқару бөліміне жеткізген. Алайда, өкінішке қарай, оны аман алып қалу мүмкін болмаған.

«Барлық қажетті шара уақытылы жасалды, бірақ дәрігерлер өмірін сақтап қала алмады» деп хабарлады ұйымдастырушылар.

Қайтыс болған азамат тәжірибелі спортшы, түрлі жарыстардың тұрақты қатысушысы болған. Ол сайысқа дейін медициналық тексеруден өтіп, спортпен айналысуға рұқсат алған.

«Спортшы өз өмірін белсенділік пен спортқа арнаған. Біз оның отбасына және жақындарына терең қайғырып, шын көңілден көңіл айтамыз. Ұйымдастырушылар тарапынан материалдық көмек көрсетіледі» делінген жарыс ұйымдастырушыларының хабарламасында.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда 19 жастағы футболшы Диас Төлеу ойын алаңында қайтыс болды.

Сондай-ақ оқыңыз