Бектенов Турловты қазақ футболын дамытудағы серіктесі деп атады

Елдегі белгілі бизнесмендер футбол клубтарын сатып алып, демеуші болуға дайын. Премьер-министр Олжас Бектенов депутаттық сауалға жауабында ол кәсіпкерлерді атап өткен.
«Туризм және спорт министрлігі Қазақстан футбол федерациясымен бірге облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдерін тарта отырып, футбол
клубтарын коммерцияландыру бойынша өңірлердегі және республикадағы
әлеуетті инвесторлармен жұмыс жүргізуде», – дейді үкімет басшысы жауабында.
Бектеновтың сөзінше,
- «Орталық Азия отын-энергетикалық
компаниясы» АҚ (Сергей Кан) – «Қызыл-Жар» футбол клубын - Freedom Finance (Тимур Турлов) – «Шахтер» футбол клубына және стадион мен футбол академиясын салуға
- Kaspi Group (Михаил Ломтадзе) «Жеңіс» футбол клубын сатып алуды және Астанада футбол инфрақұрылымын қалыптастыруға
- «TAU GROUP LTD» (Ислам Козбаков) «Қайсар» футбол клубын сатып алуға қызығушылық танытып отыр.
Сондай-ақ «Тараз», «Елімай» және «Ертіс» футбол клубтарына қызығушылық танытқан инвесторлармен келіссөздер жүріп жатыр.
Қазір «Қайрат» және «Астана» футбол клубтарынан басқалары жергілік бюджетке қарайды. 2025 жылы бюджеттен футболды дамытуға 34,9 млрд теңге бөлінген. Оның ішінде оның ішінде 31,8 млрд теңгесі кәсіпқой футбол клубтарын (Премьер-лига және Бірінші лига клубтары) қолдауға, ал 3,1 млрд теңге балалар мен
бұқаралық футболды дамытуға бағытталған.
Forbes нұсқасы бойынша Кан Қазақстанның ең бай адамдарының рейтингінде 22-орында тұр. Оның байлығы 470 млн доллар деп бағаланған.
Freedom Holding Corp. компаниясының бас директоры әрі мажоритарлық акционері Тимур Турлов сол тізімде 5,8 млрд доллар байлығымен екінші орынды иеленген. Ал Ломтадзенің дәулеті 5,9 млрд доллар деп бағаланған.
Айта кетсек, Ломтадзе үшін бұл – жеке меншігіндегі алғашқы футбол клубы емес. Бұған дейін «Курсив» басылымы оның Англияның Wycombe Wanderers клубының 90% акциясын сатып алғанын жазған.
2025 жылғы тамызда Алматының «Қайрат» футбол клубы УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде шотландиялық «Селтикті» жеңіп шықты.
Осы жетістік арқасында клуб Қазақстанға әлемдік футболдың алыптарының бірі, испандық «Реал Мадридті» әкеліп, қоғам назарында ұзақ уақытқа бекем орын алды.