
Сиыр етін экспорттауға жыл соңына дейін тыйым салынуы мүмкін. «Ашық НҚА» порталында Ауыл шаруашылығы министрлігі әзірленген арнайы құжат жарияланды.
Оған сәйкес, ірі қара малдың етін Қазақстан аумағынан өзге елдерге және ЕАЭО елдеріне экспорттауға 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін тыйым салады.
«Бұл шара елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мал шаруашылығы өнімдерін өнімдерін өңдеуді дамыту, сондай-ақ сиыр етіне бағаны тұрақтандыру мақсатында енгізілді», – деп жазылған құжатта.
Құжат қазанның 22-не дейін ашық талқылауда болады.
Қыркүйек-қазанда елдегі сиыр еті бағасы күрт өсіп, келісі 4500-ге дейін жетті. Ауыл шаруашылығы министрлі еттің қымбаттауын «тариф және жанар-жағармайдың өсуімен байланысты» деп түсіндірген.